Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1924 жылы Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Жарма ауданында дүниеге келген. Майданда 1943 жылдың тамыз айынан бастап болған. 184-ші гвардиялық атқыштар полкінің автоматшысы, гвардияның қатардағы жауынгері Шәкенов 1943 жылдың қыркүйек айында алғашқылардың қатарында Днепр өзенінен Днепропетровск облысы Мишурин Рог ауылының тұсында жүзіп өтті. Жаудың үш атакасына тойтарыс беріп, дұшпанның 17 солдаты мен офицерін, ірі калиберлі пулеметін жойды. Ленин, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 22-ақпандағы Жарлығымен К.Ш.Шәкеновке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Семей өлкетану мұражай қоры
Батырдың есімімен Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы көше аталады.
Кеңес Одағының Батыры, дала майданының 37-ші армиясының 62-ші атқыштар дивизиясының 184-ші атқыштар полкінің автоматшысы. Днепрден өту кезінде көзге түсті. Ленин, I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.