Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1918 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Жаңа Шүлбі ауданының Жаңа Шүлбі ауылында дүниеге келген.
Майданда 1942 жылдың қараша айынан бастап болған. 676-шы атқыштар полкі батальонының командирі, майор Меркулов Пултуска қаласының (Польша) маңында 1945 жылдың қаңтарында шабуылдаушы батальонның басында дұшпанның траншеясына басып кіріп, шепке бекінді. Гросс-Вестфален елді мекенінің (Польша) тұсында Висла өзенінен өту кезінде көзге түскен, Одерде шайқасты.
Ленин, Октябрь Революциясы, Қызыл Ту, Суворов, Кутузов, ІІІ дәрежелі Хмельницкий, Александр Невский, І дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 29 – маусымдағы Жарлығымен М.К. Меркулов Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Семей өлкетану мұражай қоры
Бородулиха ауданының Новошульба ауылындағы көше батырдың есімімен аталады.
Кеңес Одағының Батыры, майор, 65-армияның 15-атқыштар дивизиясының 676-атқыштар полкі батальонының командирі. Курск түбіндегі шайқастарға, Вистула өзенінен өтуге, Польшаны азат етуге қатысты. Ленин, Октябрь Революциясы ордендерімен, үш Қызыл Ту, III дәрежелі Суворов, III дәрежелі Кутузов, III дәрежелі Богдан Хмельницкий, Александр Невский, I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, екі Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.