Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1925 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Бесқарағай ауданының Семиярка ауылында дүниеге келген.
Майданда 1943 жылдың сәуір айынан бастап болған. Бас командование резервінің 17-ші танкіге қарсы-жойғыш жеке артбригадасының құрамында әртүрлі майдандарда шайқасқан. 1944 жылғы тамыз айында Қайырбаев бір топ жауынгерлермен бірге Шауляй қаласы маңында (Литва КСР-і) болған ұрыста көзге түсті.
Ленин, Октябрь Революциясы, Александр Невский, І, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24-наурыздағы Жарлығымен аға лейтенант М.Қ.Қайырбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Семей өлкетану мұражай қоры
Батырдың аты:
- Бесқарағай ауданының Бесқарағай және Жетіжар ауылдарындағы көшелер;
- Күршім ауданы Құйған ауылындағы көше.
Кеңес Одағының батыры, аға лейтенант, 1-ші Прибалтика майданының 2-ші армиясының 17-ші жеке танкке қарсы артиллериялық бригадасының 712-ші танкке қарсы артиллериялық полкінің батарея командирі. Ленин, Александр Невский ордендерімен, I және II дәрежелі Отан соғысының екі орденімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.