Даңқ орденінің толық иегерлері

Даңқ орденінің толық иегерлері

Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «I, II және III дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.
Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары I дәрежелі ордені – алтын, ал II және III дәрежелі – күміс (II дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай.

22 шығыс қазақстандық Даңқ орденнің толық иелері:

Худяков Пётр Николаевич
(22-07-1923 - 1993)

Пётр Николаевич Худяков 22.07.1923 ж. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Межовка ауылында туған. Қызы Әскер қатарына 1942 жылдан бастап шақырылды. 344-ші атқыштар полкінің жаяу барлау взводының (138-ші атқыштар дивизиясы, 18-ші әскер, 1-ші Украин майданы) барлаушысы қатардағы Худяков іздеу тобының жауынгерлерімен Ростоки елді мекенінің маңында (Черновицк облысының Путильский ауданы) 06.06.1944 ж. қолға тұтқын түсірді. 15.06.1944 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 28-29.09.1944 ж. Гесса тауының маңында (Закарпат облысының Ясиня қ. оңтүстігіне қарай) жау окопына басып кіріп автоматтан және гранаталармен пулемет пен 10-ға жуық дұшпанды жойды. 20.12.1944 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Сол полкінің шолғыншы бөлімінің командиры аға сержант Худяков 25.03.1945 ж. барлаушылар тобының басшылығымен Витув елді мекенінің аймағында (Трстен қ. шығысқа қарай 16 шақырым, Чехословакия) дұшпа окопына баса-көктеп кіріп 2 гитлершіні тұтқынға алды. Жауынгерлермен бірге инженерлік қоршауларда 8 өткел жасап, 35 минаны зиянсыздандырып атқыштар бөлімшелеріне алға жылжуға көмек берді. 29.06.1945 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 1947 жылы әскер қатарынан босатылып туған ауылына оралып сонда тұрды.          

  Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 809қ., 1т., 63і.

Батырдың есімін Шемонаиха ауданы Межовка ауылындағы мектеп алып жүр.

Үш дәрежелі Даңқ орденінің кавалері, 1-ші Украина майданының 18-ші армиясының 138-ші атқыштар дивизиясының 344-ші атқыштар полкінің жаяу барлау барлау взводының командирі. Украина, Чехословакияны азат етуге қатысты. І дәрежелі Отан соғысы орденімен, үш дәрежелі Даңқ орденімен, "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу