Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Копылов Иван Павлович
(1920 - 1982)

1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Соловь(во аулында дүниеге келген. Майдан шебінде 1941 жылдың шілде айынан бастап болған. 1945 жылдың ақпан айында 222-ші Смлоленск Қызыл тулы атқыштар дивизиясы 787-ші атқыштар полкінің майор Копылов бақарған дивизионының артиллеристері Фогельзанг аулы маңында Одерден өту кезінде көзге түсті.
Александр Невский, 1 дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 31 – мамырдағы Жарлығымен И.П. Копыловқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Кеңес Армиясы қатарындағы қызметін жалғастырды.
ШҚО Соловьёво аулы көшелерінің біріне Батыр есімі берілген.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 809қ., 1т., 185і.

Батырдың есімі Алтай ауданы Соловьево ауылындағы көше.

Кеңес Одағының Батыры, 1-ші Белорус майданының 33-ші армиясының 222-ші атқыштар дивизиясының 666-шы артиллериялық полкінің дивизион командирі. Одер өзенінен өту кезінде көзге түсті. Александр Невский, І дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу