Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Сафонов Федор Матвеевич
(1923 - 2008)

1923 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданының Михайловское ауылында дүниеге келген.
Майданда 1942 жылдың шілді айынан бастап 74-ші гвардиялық Сталинград Қызылтулы Суворов орденді шабуылдаушы авиациялық полктің құрамында болған. Белоруссияны, Литваны азат етуге, Кенигсбергтен оңтүстікке таман жерде шоғырланған Шығыс Пруссия неміс әскерін жоюға, Кенигсберг қамалы мен қаласын алуға, Балтық теңізіндегі соңғы қамал-Пиллау қаласын шабуылдауға қатысты.
Қызыл Ту, ІІІ және ІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 29-маусымдағы Жарлығымен ұшқыш Ф.М.Сафоновқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыстан кейін авиацияда қызмет етті.

 

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 43і; 809қ., 1т., 193і.

Батырдың есімі Өскемен қаласындағы көшеге берілген.

Кеңес Одағының Батыры, 3-ші Белорус майданының 1-ші әуе армиясының 1-ші шабуылдаушы авиациялық дивизиясының 74-ші авиациялық полкінің ұшқышы. Белоруссияны, Литваны азат етуге, Кенигсбергті, Пиллауды басып алуға қатысты. Ленин, Қызыл Жұлдыз, екі рет Қызыл Ту, ІІ және ІІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу