Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Павлов Борис Тимофеевич
(1919 - 2002)

1919 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Майданда 1941 жылдан бастап Солтүстік флоттың торпедалық катерінің командирі ретінде болған. 1944 жылдың наурызында торпедалық катерлер іс-қимылының қауіпсіздігін қамтамасыз етті, жау көлігін суға батыруға қатысты, Солтүстік Норвегия жағалауларындағы шайқаста көзге түсті. 1944 жылдың тамызында торпедалық катерлер тобын басқара отырып, Б.Павлов жаудың 34 кемеден тұратын конвойын күйретуге қатысты. Үш мәрте Қызыл Ту орденімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 5-қарашадағы Жарлығымен Б.Т.Павловқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін Солтүстік флоттағы қызметін жалғастырды.

Батырдың есімі Өскемен қаласындағы көшеге берілген.

Кеңес Одағының батыры, аға лейтенант, Солтүстік флоттың торпедалық катерінің 2-ші дивизионының командирі. Ленин, Қызыл Жұлдыз, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, үш рет Қызыл Ту орденімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу