Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1924 жылы Алтай өлкесінің Барнаул қаласында дүниеге келген. 30-шы жылдары Семей қаласына қоныс аударған.
Майданда 1943 жылдың тамыз айынан бастап болған. 47-ші жеке ранецті отатқыштар батальонының отатқышы, қатардағы Рубусин 1945 жылдың ақпан айында Шейнау Шейнау қаласының (Польша) тірек пунктеррін жою кезіндегі ұрыста көзге түсті. 20-дан астам гитлершілердің көзін жойды. Осы шайқаста қаза тапты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 10-сәуірдегі Жарлығымен С.М.Рубусинге қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Семей қаласы көшелерінің бірі Батыр есімімен аталған.
Семей өлкетану мұражай қоры
Батырдың есімі Семей қаласындағы көше.
Кеңес Одағының Батыры, 1-ші Украина майданының 13-ші армиясының 23-ші моторлы шабуыл инженерлік-саперлік бригадасының 47-ші жеке ранцты от шашқыштар батальонының от шашқышы. Ленин орденімен марапатталған.