Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1919 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Көкпекті ауданының Олеговка ауданында дүниеге келген.
Майданда 1942 жылдың қазан айынан бастап болды. 8-ші гвардиялық авиаполктің эскадрилья штурманы, гвардия капитаны Авдеев жау тылына 201 рет жауынгерлік ұшуды ойдағыдай жүзеге асырды. Сталинград, Оңтүстік, Оңтүстік Батыс, 1-ші, 2-ші, 3-ші Белорус майдандарындағы шайқастарға қатысты.
Ленин, Қызыл Ту ордендерімен марапатталды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 19-шы қазандағы Жарлығымен Н.Д. Авдеевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1944 жылдың қазан айында Отан үшін шайқаста ерлікпен қаза тапты.
Киев қаласының Мәңгі Даңқ саябағындағы гранит тақталарының бірінде оның есімі қашап жазылған, Орск қаласындағы мектептің ғимаратында мемориалдық тақта орнатылған.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты
Көкпекті ауданы Көкпекті және Көкжайық ауылдарындағы көшелер батырдың есімімен аталады.
Кеңес Одағының Батыры, капитан, 8-ші әуе полкінің эскадрильясының штурманы. Жаудың тылына 201 сәтті ұрыс жасады. Сталинград, Орталық, Оңтүстік-Батыс, 1-ші, 2-ші, 3-ші Белорус майдандарында шайқастарға қатысты. Ленин, Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.