Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1925 жылы Калинин облысы Бежец ауданының Роща ауылында дүниеге келген. Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Ақжал кенішінде жұмыс істеген.
Майданда 1944 жылжың тамыз айынан бастап болған. 257-ші атқыштар полкі взводының командирі, лейтенант Ландышев 1945 жылғы наурыз айында Штеттин түбінде (Польша) взводты атақаға көтеріп, алғашқылардың бірі болып жаудың тірек пунктіне кірді. Қатардан шығып қалған рота командирінің орнын бысты. Осы шайқаста қаза тапты.
Ленин орденімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 31 – мамырдағы Жарлығымен И.М. Ландышевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Батырдың есімі Шығыс Қазақстан облысының Ақжал кенішіндегі мектепке берілген.
«Кеңес Одағының Батырлары – қазақстандықтар» кітабынан, 1- том, Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1968 ж.
Батырдың есімімен Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы көше аталады.
Кеңес Одағының Батыры, лейтенант, 1-ші Белорус майданының 47-ші армиясының 185-ші атқыштар дивизиясының 257-ші атқыштар полкінің взвод командирі. Ленин орденімен марапатталған.