Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1914 жылы Киров облысының Вятские Поляны қаласында дүниеге келген. Қызыл Армия қатарындағы қызметін аяқтағаннан кейін Шығыс Қазақстанга қоныс аударған.
Майданда 1941 жылдың тамыз айынан бастап болған. 1944 жылдың қазан айында 2-ші украин майданында Будапешт қаласынан 85 шақырым қашықтықтағы Кечкемет қаласының түбінде өзінің өшпес ерлігін көрсетті. Сержант А.П. Кукиннің зеңбірегі жаудың 40 танкісі мен мото-жаяу әскерінің контратақасына төтеп берді. Өз зеңбірегі жанында қаза тапты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 – наурыздағы Жарлығымен А.П. Кукинге қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753, оп.1, д.29; 809қ., 1т., 184і.
Батырдың есімі Күршім ауданы Теректі ауылындағы көшеге берілген.
Кеңес Одағының Батыры, сержант, 2-ші Украина майданының 46-шы армиясының 7-ші артиллериялық дивизиясының 25-ші гаубиялық артиллериялық бригадасының 877-ші гаубиялық артиллериялық полкінің зеңбірек командирі. Сталинград шайқасына, Венгрияны азат етуге қатысқан.