Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Корнев Иван Ильич
(1900 - 1945)

1900 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Бесқарағай ауданының Малая Владимировка ауылында дүниеге келген.
Майданда 1941 жылдың қаңтар айынан бастап болған. 781-ші атқыштар полкінің атқышы ретінде соғысты. Пилькаллен кенті үшін (қазір Калининград облысы) 1945 жылғы қаңтар айында болған шайқастақатардан шығып қалған рота командирінің орнын басып, алғашқылардың бірі болып елді мекенге кірді. Осы ұрыста ол қаза тапты.
Ленин, ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 19 – сәуірдегі Жарлығымен И.И. Корневке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Батырдың туған жерінде ескерткіш қойылған, мектеп оның есімімен аталады.

Семей өлкетану мұражай қоры

 

Бесқарағай ауданының Бесқарағай және Жетіжар ауылдарындағы көшелер батырдың есімімен аталады.

Кеңес Одағының Батыры, 3-ші Белорус майданының 39-шы армиясының 124-ші атқыштар дивизиясының 781-ші атқыштар полкінің атқышы. Ленин, ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу