Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1907 жылы Алтай өлкесі Шипунов ауданының Комариха ауылында дүниеге келген. Майданда 1942 жылдың қараша айынан бастап болды. 7-ші гвардиялық механикаландырылған бригаданың инженерлік-миналық ротасының Баздырев басқарған саперлік бөлімшесі 1943 жылдың қыркүйек айында Днепрден өтіп, плацдармға мина қойған, сол жерде жаудың 5 танкісінің күлі көкке ұшты. Ленин, II дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 3-шілдедегі Жарлығымен Г.А.Баздыревке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Әскер қатарына босағаннан кейін ол Семей қаласында тұрып, жұмыс істеген. Қала көшелерінің біріне Батырдың есімі берілген.
Шығыс Қазақстан облысының Қазіргі заман тарихы құжаттарының орталығы, 575 қ., 1 т., 4, 17, 19, 22 і.і.
Батырдың есімі Семей қаласындағы көше.
Кеңес Одағының Батыры, сержант, 47-ші армияның 3-ші механикаландырылған корпусының 7-ші механикаландырылған бригадасының инженерлік-Мина ротасының командирі. Днепрді басып өтуге қатысқан, Сталинград, Воронеж майдандарында соғысқан. Ленин, II дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.