Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1907 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Көкпекті ауданының Өрнек ауылында дүниеге келген.
Майданда 1942 жылдың шілде айынан бастап болды. 13-ші армияның 6-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясының құрамында шайқастарға қатысты. Днепрден өткен кезде ерекше көзге түсті. Ол үш танкті атып түсіріп, екі танкті өртеген, оқ-дәрі тиелген үш автомашинаны, екі өздігінен жүретін «фердинанд» қаруы мен бес станокты пулеметтің көзін құртқан.
1943 жылғы 29-қыркүйектегі шайқаста ерлікпен қаза тапты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 16-қазандағы Жарлығымен гвардия кіші сержанты Қ.Аухадиевке қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Көкпекті ауданының Үлкен Бөкен ауылында ескерткіш қойылған, Көкпекті ауылындағы көшеге, Теректі ауылындағы мектепке Батырдың есімі берілген.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты
Батырдың аты:
- Көкпекті ауданы ауылдық округі;
- Көкпекті ауылы көшесі;
- Көкпекті ауданы Теректі ауылындағы мектеп.
Кеңес Одағының Батыры кіші сержант, Орталық майданның 13-ші армиясының 6-шы атқыштар дивизиясының 10-шы атқыштар полкінің танкке қарсы мылтық есебінің командирі. Босату шайқастарына қатысты Белоруссия, Украина. Ленин орденімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.