Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Бочарников Петр Степанович
(1907 - 1944)

1907 жылы Алтай өлкесі Шаршин ауданының Ермачиха ауылында дүниеге келген. 1930 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласына қоныс аударған.
Майдан шебінде 1943 жылдың ақпан айынан бастап болған. Дала, 2-ші және 3-ші Украин майдандарындағы шайқастарға қатысқан. Днепр, Днестр өзендерінен өткен, Кривой Рог пен Николаев қалаларын азат еткен.
Молдавия КСР-нің Гура-Быкули ауылына шабуыл кезінде қаза тапты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 14-қыркүйектегі Жарлығымен П.С.Бочарниковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Зырян қаласы көшелерінің біріне Батыр есімі берілген.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 7і.; 809қ., 1т., 173і.

Батырдың есімі Алтай қаласындағы көше.

Кеңес Одағының Батыры, 57-армияның 52-атқыштар дивизиясының 429-атқыштар полкінің взвод командирі. 3-ші Украина майданында соғысып, Днестрді басып алуға қатысты. Ленин орденімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу