Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Туров Федор Дементьевич
(1910 - 1974)

1910 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.
Майданда 1941 жылдан бастап болған. Тула, Киев түбінде шайқасты, 1943 жылдың қыркүйек айында Днепрден өту кезінде көзге түсті. Днепр арқылы алғашқылардың бірі болып өтті. Жеке өзі 37 гитлершілердің көзін жойды. Украинаны азат етті, Польша мен Германия аумағында соғысты.
Москвада Қызыл алаңдағы Жеңіс Шеруіне қатысушы.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 23-қазандағы Жарлығымен Ф.Д.Туровқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Армия қатарынан босағаннан кейін Өскемен қаласына оралды. Өскемен қаласындағы көшелердің бірі Батыр есімімен аталған.
1974 жылы қайтыс болды.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 50і.
«Кеңес Одағының Батырлары – қазақстандықтар» кітабынан, 2 – том, Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1968 ж.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу