Баян Байғожина 1926 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Архат ауылында, Орда тауының баурайында дүниеге келген. Ұлы отан соғысы басталғанда Баян он сегізге жаңа ғана толған болатын. Ол қан майданда «Н» қаласының ішіндегі көпірді күзету бөлімшесінде болған. Батыр қыз Беларуссия, Польшаны жаудан азат ету ұрыстарына қатысып, «Қызыл жұлдыз», «Даңқ» және «Ұлы отан соғысы» ордендерімен марапатталады. Шыңғыстаудың батыр қызы Баян Байғожина 1945 жылы 27 сәуірде, Ұлы Жеңіске небәрі он екі күн қалғанда Берлин түбіндегі Гилденбург қаласы үшін болған ұрыста ерлікпен қаза табады.
Негізі: «Елі-ерлерін ұмытпайды» атты Ұлы Отан соғысына қатысқан Абайлықтар туралы естелік кітабы, № 275 парақта жазылған.
Батырдың аты:
- Семей қ. көше
- Абай ауданы Қарауыл ауылындағы бөбекжай.
Ұлы Отан соғысына қатысушы, мерген. Қызыл Жұлдыз, II дәрежелі Отан соғысы, III дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған. Беларусь, Польша, Германия аумағында соғысқан.