Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1913 жылы Шығыс Қазақстан облысының Глубокое кентінде дүниеге келген.
Қара теңіз флоты теңіз жаяу әскерлерінің 384-ші жеке батальонынның Николаев қаласы ауданындағы ержүрек десантының құрамында көзге түсті, қайсар 67 қаратеңізшіні тізе бүктіре алмаған гитлершілер оларға уландырғыш зат қолданған. Осы шайқаста Н.Казаченко қаза болды. Ержүрек десант Қызыл Армия бөлімдеріне Николаев қаласын жылдам азат етуге көмектесті.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 20-сәуірдегі Жарлығымен Н.И.Казаченкоға қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 25і.; 809қ., 1т., 181і.
Батырдың есімі Глубокое кентінде орналасқан.
Кеңес Одағының батыры, Қара теңіз флотының Одесса әскери-теңіз базасының 384-ші жеке теңіз батальонының атқыштар ротасының пулеметшісі. Азов жағалауы қалаларындағы десанттық операцияларға, херсон облысының кенттерін азат етуге қатысты. Ленин орденімен марапатталған.