Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1912 жылы Мәскеу облысының Ермаковка ауылында туған. 1920 жылы Семей қаласына көшіп келген.
Майданда 1942 жылдың шілде айынан бастап болған. Брянск, Орталық, 1-ші Украин, 1-ші Белорус майдандарында соғысқа қатысқан. Атқыштар взводын, ротасын, батальонын басқарған. 1945 жылдың қаңтар айында Ольшевница (Польша) елді мекенінің түбіндегі дұшпан қорғанысын бұзып өту кезінде көзге түскен. Жаудың қорғанысын жылдам бұзып өтуді қамтамасыз етіп, оны өкшелей қууды ұйымдастырды, сөйтіп дивизия бөлімдерінің Висла өзенінен ойдағыдай өтуіне ықпал етті.
Ленин, Александр Невский, Қызыл жұлдыз ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 27-ақпандағы Жарлығымен Д.М.Синицинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Армияқатарынан босағаннан кейін Семей қаласына оралды.
Семей қаласы көшелерінің бірі Батыр есімімен аталған.
Семей өлкетану мұражай қоры
Батырдың есімі Семей қаласындағы көше.
Кеңес Одағының Батыры, майор, 1-ші Белорус майданының 47-ші армиясының 143-ші атқыштар дивизиясының 487-ші атқыштар полкінің атқыштар батальонының командирі. Көзге өзенінен өту кезінде Вислы. Ленин, Александр Невский ордендерімен, екі Қызыл Жұлдыз орденімен, "Алтын Жұлдыз"медалімен марапатталған.