Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Кокорин Федор Савинович
(1918 - 1997)

1918 жылы Пермь облысы Больше-Усинский ауданының Малые Кусты аулында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1942 жылдың мамыр айынан бастап 6-шы гвардиялық Қызыл тулы атқыштыр дивизиясының 4-ші гвардиялық полкы автоматшылар ротасының командирі ретінде болған. Ф.С. Кокориннің ротасы Десна, Днепр, Припять өзендерінен өткен. Аташево аулына шабуыл жасау кезінде көзге түскен.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 16 – қазандағы Жарлығымен Ф.С. Кокоринге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Армия қатарынан босағаннан кейін Өскемен қаласында тұрып, еңбек етті. «Қаланың құрметті азаматы» атағына ие болды.
Батырдың Өскемен қаласында тұрған үйлерінің бірінде мемориалдық тақта орнатылған.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 23і.; 809қ., 1 т., 181і.

- Өскемен қаласындағы көше.

Кеңес Одағының Батыры, лейтенант, 6-шы атқыштар дивизиясының 4-ші атқыштар полкінің автоматшылар ротасының командирі. Қызылиек, Днепр, Припят қалаларын басып озуға қатысты. Ленин, Қызыл Жұлдыз, I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу