Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1910 жылы Новосібір облысы Куйбышев ауданының Балман аулында дүниеге келген.
Майданда 1942 жылдың қаңтар айынан бастап болған. 22-ші гвардиялық мотоатқыштар бригадасының барлау ротасы автоматшылар взводының командирі, гвардия аға сержанты Константинов 1943 жылғы қыркүйекте алғашқылардың бірі болып Днепр өзенінен Черкассы облысының Григоровка аулы тұсында өтті. 1943 жылғы қазан айында ол бір топ барлаушылармен бірге гитлершілердің үлкен тобының көзін жойды.
Ленин, Қызыл Жұлдыз, ІІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10 –қаңтардағы Жарлығымен Л.С. Константиновқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Ұлы Отан соғысынан кейін Семей облысының Көкпекті ауданында тұрды. Шегелік аулында Батырға обелиск орнатылған.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты
Көкпекті ауданының Көкпекті және Үлкен Бөкен ауылдарындағы көшелер батырдың есімімен аталады.
Кеңес Одағының батыры, аға сержант, Воронеж майданының 6 танк корпусының 22-ші мотоатқыштар бригадасының барлау автоматшылары взводының командирі. Днепрден өту кезінде көзге түсті.
Ленин, Қызыл Жұлдыз, ІІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған.