Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «I, II және III дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.
Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары I дәрежелі ордені – алтын, ал II және III дәрежелі – күміс (II дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай.
22 шығыс қазақстандық Даңқ орденнің толық иелері:
Әділбаев Фазыл 1925 жылдың 7 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Баладжал кенішінде туған.
1943 ж. Семей облысының Жарма аудандық әскери коммисариатымен Қызыл Әскер қатарына шақырылды, 1944 ж. мамыр айынан бастап Ұлы Отан соғысында қатысты.
1945 ж. 29 қаңтарында Фазыл Әділбаев пен оның пулемет тобы гитлершілердің екі ату орнын және Сильна-Нова поляк елді мекенінің қасында 10-нан астам дұшпанды жойды.
09.02.1945 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№ 241760).
1945 ж. 6 ақпанда Лебус қ. маңында (Германия) плацдармды кеңейту үшін шайқас кезінде Фазыл Әділбаев пулемет тобына басшылық етіп, 7 жау контршабуылдарын тойтарып, үш ату орындарын және оннан аса фашист сарбаздарын жойды, 3 гитлершілерді тұтқынға алды.
16.03.1945 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№15047).
1945 ж. 16-17 ақпанда сержант Ф. Әділбаевтың пулемет тобы екі ату орнын және Одер өзенінің солжағалауында плацдармды кеңейту үшін шайқас кезінде бір взводтан аса фашист жауынгерлерін жойды. Фазыл Әділбаев бірінші болып Кунерсдорф елді мекеніне басып кіріп (Франкфурттан солтүстік-батысқа қарай), гранатамен дұшпан пулеметын талқандады.
15.05.1946 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№1407).
Әскер қатарына босатылғаннан кейін Аягөз қаласында тұрды, 01.01.1975 ж. қайтыс болды.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатының Жарма филиалы, 237қ., 13т., 30і.
Батырдың есімі Аягөз қаласында қойылған.
Үш дәрежелі Даңқ орденінің кавалері, 1-ші Белорус майданының 69-шы армиясының 370-ші атқыштар дивизиясының 1232-ші атқыштар полкінің пулемет есебінің командирі. Польшаны азат етуге, Германия аумағындағы ұрыстарға қатысты.