Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1918 жылы Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Бородулиха ауылында дүниеге келген.
Майданда 1943 жылдың ақпан айынан бастап болған. Дала майданы 37-ші армиясының 24-ші гвардиялық әуе-десант полкі батальонының командирі, гвардия аға лейтенанты Середин 1943 жылдың қазан айында қолда бар құралдармен Днепрден өтіп, Полтава облысының Переволочка ауылының тұсындағы плацдармы алуды ұйымдастырды.
1943 жылы ұрыс кезінде қаза тапты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 20-желтоқсандағы Жарлығымен Ф.Я.Серединге қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Жерленген жері Верхнеднепровск ауданының Днепровокаменка ауылында Батырға ескерткіш қойылған.
«Кеңес Одағының Батырлары - қазақстандықтар» кітабынан, 2 – том, Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1968 ж.
Бородулиха ауылындағы көше батырдың есімімен аталады.
Кеңес Одағының батыры, аға лейтенант, дала майданының 37-ші армиясының 24-ші әуе-десанттық полкі батальонының командирі. Днепр үшін шайқас кезінде өзін ерекшелендірді. Ленин орденімен марапатталған.