Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1907 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Майданда 1942 жылдан бастап болған. Сталинградтан Берлинге дейін жауынгерлік жолдан өтті. Орел-Курск иінінде соғысты, Киевті алуға қатысты. 1943 жылдың қыркүйек айында алғашқылардың қатарында Днепрден өтті. Дұшпанның контратакасын тойтару кезінде бөлімшені басқаруды өз қолына алды. Жаудың қолпулеметшілер тобын жойды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 29-қазандағы Жарлығымен Н.А.Шарабаринге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Армия қатарынан босағаннан кейін Шығыс Қазақстанға оралды.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 57і.; 809қ., 1т., 196і.
Батырдың аты:
-Өскемен қаласы көшесі;
- Самар ауылы көшесі.
Кеңес Одағының Батыры, Воронеж майданының 38-ші армиясының 163-ші атқыштар дивизиясының 529-шы атқыштар полкінің атқышы. Днепрден өту кезінде көзге түсті. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.