Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1914 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Новошульба аудынының Алексеевка ауылында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1942 жылдың мамыр айынан бастап болған. 47-ші гвардиялық танкшілер бридасының танк механик-жүргізушісі, гвардия кіші сержанты Бурлаченко алдыңғы шептегі отряд құрамында әрекет ете жүріп, шайқас кезінде қатардан шығып қалған танк командирінің орнын басқан. Батыс, Сталинград, 1-ші Белорус майдандарында соғысқа қатысқан.
Қызыл Жұлдыз, I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 27-ақпандағы Жарлығымен С.Ф.Бурлаченкоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Армия қатарынан босағаннан кейін Семей қаласына оралды.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты 753қ., 1т., 61і.
Семей өлкетану мұражай қоры
Батырдың есімі Бородулиха ауданы, Жарбұлақ ауылы көшесімен берілген.
Кеңес Одағының Батыры, кіші сержант, 1-ші Беларусь майданы 2-ші танк армиясының 9-шы танк корпусының 47-ші танк бригадасының механик-жүргізушісі. Қызыл Жұлдыз, Ленин ордендерімен, I дәрежелі Отан соғысының екі орденімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.