Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1906 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Жарма ауданының Георгиевка ауылында дүниеге келген.
Майданда 1941 жылдан бастап болған. Батыс, Сталинград, 2-ші Украин майдандарындағы ұрыстарға қатысқан. 861-ші атқыштар полкінің бөлімше командирі, сержант Қ.Ысқақов 1944 жылғы 28-наурызға қараған түнде Молдаван КСР-і Петрешты ауылының түбінде жауынгерлерімен бірге күштері өздерінен басым жаудың бірнеше контратакаларының бетін қайтарды. Касель ауылының түбінде (Чехословакия) болған шайқастарда ерекше көзге түсті.
Ленин орденімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 13-қыркүйектегі Жарлығымен сержант Қ.Ысқақовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Армия қатарынан босағаннан кейін Шығыс Қазақстанға оралды.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты
Жарма ауданының Қалбатау және Қапай Батыр ауылдарындағы көшелер батырдың есімімен аталады.
Кеңес Одағының Батыры, 2-ші Украина майданының 52-ші армиясының 294-ші атқыштар дивизиясының 861-ші атқыштар полкінің бөлімше командирі. Молдавияны азат етуге қатысты. Ленин орденімен, "Алтын Жұлдыз "медалімен марапатталған.