Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданының Каменевка ауылында дүниеге келген. Майданда 1941 жылдың қазан айынан бастап болған. Калинин, Дала, 1-ші және 4-ші Украин майдандарында шайқасқа қатысты. 1943 жылдан 1945 жылғы наурызға дейін В.М.Безголосов 279 неміс солдаты мен офицерін жойды. Жауынгер жолдасы мен командирінің өмірін қорғап қалып, өзі қаза тапты. Моравск-Острава қаласынан 18 км. жердегі Паруба ауылында жерленген. III дәрежелі Даңқ, Қызыл жұлдыз ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 15-мамырдағы Жарлығымен В.М.Безголосовқа қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 3і.; 809қ., 1т., 172і.
Батырдың есімі Риддер қаласында орналасқан.
Кеңес Одағының Батыры, 183-ші Харьков атқыштар дивизиясының 227-ші атқыштар полкінің автоматшылар ротасының мергені. Калинин, Дала, 1 және 4-ші Украин майдандарында соғысқан. III дәрежелі Даңқ, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, "Ерлігі үшін" екі медальмен марапатталған.