Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «I, II және III дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.
Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары I дәрежелі ордені – алтын, ал II және III дәрежелі – күміс (II дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай.
22 шығыс қазақстандық Даңқ орденнің толық иелері:
Артём Иванович Черепанов 20.11.1920 ж. Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарым ауданының Солдатово ауылында дүниеге келген. Колхозда жұмыс істеп, содан соң «Алтайзолото» нарым басқармасының старатель артелінде жұмыс істеді. Қызыл Әскер қатарына 1942 ж. қаңтар айында шақырылды. 563-ші атқыштар полкінің (153-ші атқыштар дивизиясы, 50-ші әскер, 2-ші Белорус майданы) миномет дәлдеушісі қатардағы Черепанов 18.08.1944 ж. Чернуха елді мекеннің маңындағы (Августов қ. шығысына қарай 7 шақырым, Польша) шайқаста 10-ға жуық гитлершілерді, әскери мүлкімен жүк арбаны жойды, дұшпанның кенет шабуылын алдын алды. 24.10.1944 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 24.09-17.10.1944 ж. Августов қаласы (Польша) үшін шайқаста сол полктің миномет дәлдеушісі аға сержант Черепанов, біріншілердің қатарында Нетта өзенін өтіп, жау орналасқан жерге баспы кірді. Шайқас кезінде жеке өзі 10-нан аса гитлершілерді жойды. 15.11.1944 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды, 24.10.1966 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен қайта марапатталды. 563-ші атқыштар полкінің взвод командирының көмекшісі аға сержанты Черепанов 10.02.1945 ж. Хансхатен елді мекеннің (Ландберг қ. оңтүстікке қарай 14 шақырым, Германия – қазір Гожув-Велькопольски қ., Польша) маңындағы шайқаста қатардан шығып қалған взвод командирын ауыстырып, ойдағыдай жауынгерлерді басқарды, оның басшылығымен жаудың контршабуылы тоқтатылды. Шайқаста жеке өзі ғана 10-ға жуық гитлершілерді жойып, 4 тұтқынға алды. 08.03.1945 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 1946 ж. кіші лейтенант Черепанов запасқа шығарылды. Қайтадан әскерде 1951 ж. шілде айынан бастап 1955 ж. мамыр айына дейін қызмет атқарды. Томск облысының Колпашево қ. тұрды. Қалалық өнеркәсіп комбинатының бас инженеры болып жұмыс істеді. 1-ші дәрежелі Отандық соғыс орденімен, медальдармен марапатталды. 24.07.1992 жылы қайтыс болды.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 809қ., 1т., 66, 202і.і.
Батырдың есімі Риддер қаласында орналасқан.
Үш дәрежелі Даңқ орденінің кавалері, аға сержант. 2-ші Белорус майданының 50-ші армиясының 153-ші атқыштар дивизиясының 563-ші атқыштар полкінің миномет нысанашысы. Польша, Белоруссия, Германияны азат ету кезінде көзге түсті. 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, үш дәрежелі Даңқ орденімен, "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған.