Даңқ орденінің толық иегерлері

Даңқ орденінің толық иегерлері

Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «I, II және III дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.
Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары I дәрежелі ордені – алтын, ал II және III дәрежелі – күміс (II дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай.

22 шығыс қазақстандық Даңқ орденнің толық иелері:

Әубәкіров Манаф Әубәкірұлы
(26-08-1926 - 14-04-1945)

Манаф Әубәкірұлы Әубәкіров 26.08.1926 ж. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Зайсан қаласында дүниеге келген. Киномеханиктің шәкірті болып жұмыс істеген. Қызыл Әскерге 1943 жылдан бастап шақырылды. 375-ші жеке жойғыш-танкіге қарсы дивизионның (312-ші атқыштар дивизиясы, 69-шы әскер, 1-ші Белорус майданы) қаруларын оқтайтын кіші сержант Аубакиров 20.08.1944 ж. Пулава қаласынан оңтүстік-батысында болған шайқаста жарақат алғанына қарамастан ары қарай соғысты жалғастырды және дұшпанның пулемет тобымен бірге және қару-жарақ қоймасын жойды. 25.08.1944 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Зеңбірек нысанашысы сержант Аубакиров 16.01.1945 ж. Нова-Воля (Польша) елді мекенінің аймағында жарақат алғанына қарамастан майдан даласын қалдырмай жаудың 2 пулемет орынын және 15 сарбазын жойды. 17.02.1945 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Зеңбірекшілер тобының командиры аға сержант Аубакиров 17.04.1945 ж. Лебус қаласындағы (Германия) шайқаста тура нысаналаумен зеңбіректі, 4 пулеметты қиратты, ЕМ талқандап 15-ке жуық жау сарбаздары мен офицерлерін жойды. Ауыр жарақаттанғанына қарамай топпен басқаруды жалғастырды. 15.05.1946 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 19.04.1945 ж. алған жарақаттан қайтыс болды. Франкфурт-на-Одере (Германия) қаласында жерленген.

 Шығыс Қазақстан облысының мсемлекеттік мұрағаты, 809қ., т., д. 64, 200і.і.

Батырдың аты:
- Көкпекті ауданы Мариногорка ауылындағы көше;
- Зайсан қаласындағы саябақ.

Үш дәрежелі Даңқ орденінің кавалері, кіші сержант, 1-ші Белорус майданының 312-ші атқыштар дивизиясының 375-ші жеке жойғыш-танкіге қарсы дивизионының зеңбіректік есеп командирі. Польша, Германия аумағында соғысқан.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу