Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «I, II және III дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.
Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары I дәрежелі ордені – алтын, ал II және III дәрежелі – күміс (II дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай.
22 шығыс қазақстандық Даңқ орденнің толық иелері:
Василий Алексеевич Осипов 20.01.1923 ж. Новосибирск облысы Болотинский ауданының Томилово ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Ертіс өзен кеме шаруашылығының «Зайсан» кемесінде от жағушы болып жұмыс істеген. Қызыл Әскер қатарында 1942 жылдың қыркүйек айынан бастап. Әуе атқыштар мектебін бітірді. 136-шы гвардиялық шабуылдау авиациялық полкінің (1-ші гвардиялық шабуылдау авиациялық дивизиясы, 1-ші әуе әскері, 3-ші Белорус майданы) әуе радист-атқышы гвардия сержанты Осипов экипаж құрамында 68 жауынгерлік ұшу жасап, 6 әуе шайқасында қатысты. 16.10.1944 ж. Ширвиндт елді мекененнің қасында (қазір Калиниград облысы Краснознаменный ауданының Кутузово кенті) артиллериялық позициясына шабуыл жасағанда ату орнын жойды. 27.11.1944 ж. Шталлупёнен қ. аймағында (қазір Калиниград облысы Нестеров қ.) бомба-шабуыл жасағанда колоннаны жүргізіп отырған жаудың автомашинасын қиратты. Кептеліс жасап, басқа ұшақтарға нысана бойынша дәл соққы жасауға мүмкіндік берді. Әуе шайқасында неміс жоюшыны атып қиратты. 07.02.1945 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Гвардия аға сержанты Осипов келесі 23 әскери ұшуларда көзге түсті: (05.02.1945 ж. Кройцбург қ. маңында (қазір Калининград облысы Багратион ауданының Енино кенті) жаудың жанды күші мен техника бойынша бобма-шабуылды соққы бергенде). 20.02.1945 ж. Грос-Клингбекк елді мекеннің маңында (Людвигсорт қ. оңтүстік- шығысқа 12 шақырым – қазір Калининград облысы Ладушкин қ.). 02.04.1945 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Гвардия старшинасы Осипов енді 26 26 әскери ұшуларда қатысқан. 13-24.04.1945 ж. Меденау елді мекенінің (қазір Калининград облысы Зеленоград ауданының Логвино кенті) және Пиллау қаланың (қазір Балтийск қ.) маңында жауға шабуыл жасағанда жаудың бірнеше жүк автокөлігін, 2 танк, оқ-дәрі қоймасын талқандады, 5 зенит ату орынын жойды, жойғыштардың 3 шабуылын тоқтатты. 15.05.1946 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 1946 жылы әскерден қайтты. Трактористер курсын бітіріп шықты. Симферополь ауданының Новоандреевка ауылында тұрған (Крым). Жданов атындағы колхозда механизатор болып жұмыс істеген. Ленин, 1-ші дәрежелі Отандық соғыс орденімен, Қызыл Жұлдыз ордендарымен, медальдармен марапатталды. 1990 жылғы Жеңіс шеруінде қатысқан.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 809қ., 1т., 61і.
Батырдың есімі Көкпекті ауданының Үлкен Бөкен ауылындағы көшеге берілген.
Үш дәрежелі Даңқ орденінің кавалері, 3-ші Белорус майданының 1-ші әуе армиясының 1-ші шабуылдау авиациялық дивизиясының 136-шы шабуылдау авиациялық полкінің сержант-радисты. Ленин, Қызыл Жұлдыз, I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, "Кенигсбергті басып алғаны үшін" медалімен марапатталған.