Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Сумин Андрей Васильевич
(1919 - 1986)

1919 жылы Шығыс Қазақстан облысы Серебрянка ауданының Феклистовка ауылында дүниеге келген.
Майданда 1941 жылдан бастап болған. 167-ші атқыштар дивизиясы миномет батареясының командирі болып тағайындалған. Курск иініндегі шайқастарға, Белгородты аза етуге қатысты. Выжгород ауданында Днепр өзенінен өту кезінде ерекше көзге түсті. А.Сумин контузия алса да ұрысты басқаруын жалғастыра берді. Өзеннен өткендердің қалған күштерімен бірге артиллеристер таңертең Киев қаласын азат етті.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10-қаңтардағы Жарлығымен А.В.Суминге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыстан кейін миномет батареясының командирі, дивизион штабының бастығы болып қызмет етті.


Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1 т., 46і.; 809қ., 1т., 194і.

Батырдың есімі Өскемен қаласындағы көшеге берілген.

Кеңес Одағының Батыры, лейтенант, 1-ші Украина майданының 38-ші армиясының 167-ші атқыштар дивизиясының 520-шы атқыштар полкінің миномет батареясының командирі. Киев түбіндегі шайқастарға, Днепр үшін болған шайқастарға қатысқан. Ленин орденімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу