Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1919 жылы Алтай өлкесі Красноозер ауданының Зубково ауылында дүниеге келген. 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысының Глубокое кентіне қоныс аударған.
Майданда 1941 жылдың шілде айынан бастап болған. Оңтүстік Батыс, Воронеж және 1-ші Украин майдандарында шайқасты. Курск иініндегі ұрыстарда взводты, атқыштар ротасын басқарды. 1943 жылдың қыркүйегінде кіші лейтенант И.Суптельдің ротасы алғашқылардың қатарында Днепр өзенінен Щучинск пункті ауданында өтті.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 23-қазандағы Жарлығымен И.И.Суптельге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 47і.; 809қ., 1т., 194і.
«Кеңес Одағының Батырлары – қазақстандықтар» кітабынан, 2-том, Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1968 ж.
Батырдың есімі Глубокое кентінде орналасқан.
Кеңес Одағының Батыры, кіші лейтенант, Воронеж майданының 40-шы армиясының 309-шы атқыштар дивизиясының 957-ші атқыштар полкінің атқыштар ротасының командирі. Днепр үшін шайқас кезінде өзін ерекшелендірді. Ленин, I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.