Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Нұрғалиев Құмаш Нұрғалиұлы
(1925 - 1988)

1925 жылдың қазан айының 29 жұлдызында Семей губерниясы, Зайсан уезі, Орловка ауылында туған. (Қазіргі ШҚО Күршім ауданы, Шағанатты ауылы).

1933 жылы Катонқарағай ауданындағы Шыңғыстай орта мектебінің бірінші сыныбына барады. 1940 жылы 8-сыныпты бітірген соң еңбек жолы басталады. Колхозда қоймашы, ауылдық дүкенде сатушы, ауылдық кеңестің хатшысы болып жұмыс істеген.

1943 жылдың мамыр айында 18 жасқа толмастан өз еркімен майданға аттанады. 1944 жылдың мамыр айынан бастап Қиыр Шығыста әскери борышын өтеді. Одан кейін Кеңес Одағының Батыры Александр Матросов атындағы 254-гвардиялық атқыштар полкінде, 56-гвардиялық атқыштар дивизиясында, 10-гвардиялық армияда қызмет етті.

29 қазанда туған күнінде Прибалтикадағы Латвияның Ауце қаласына жақындау жерде қолбасшылықтың жауынгерлік тапсырмасын орындау кезінде ауыр жараланып, тізеден жоғары екі аяғынан және сол қолынан айырылған. Күшті ерік-жігер мен таңғажайып өмірге деген сүйіспеншілік оған 12 ауыр операцияны наркозсыз өткізіп, ауырлықты қайсарлықпен көтереді. Ауруханада, аурухана төсегінде жатып, ол сырттай оқитын студент ретінде орта мектеп курсын және қосымша бухгалтерлік курстарды аяқтайды.

1946 жылдың қазан айында ол туған ауылы Сорвенокқа оралды. Сорвенок жетіжылдық мектебінде мұғалім және директор болып жұмыс істеді. 1948 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетіне сырттай оқуға түсіп, оны 1955 жылы үздік бітіреді.

Құмаш Нұрғалиұлы 31 жыл бойы Боран орта мектебінің директоры болып еңбек етіп, арманын жүзеге асырды. Балалық шақтың рухани-парасатты әлемінің үлгісі етіп армандаған жаңаша мектеп құрды.

Марапаттары мен атақтары:

Қызыл Ту ордені (1946);
Еңбек Қызыл Ту ордені (1966);
Ленин ордені (1971);
1-дәрежелі Отан соғысы ордені (1985);
Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі (1974);
КСРО халық мұғалімі (1981).

1992 жылы Боран орта мектебі «КСРО халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев мектеп-гимназиясы» болып өзгертілді.

1995 жылы Өскемен қаласындағы №43 орта мектепке Қ.Нұрғалиев есімі берілді.

Қ.Нұрғалиевтің есімі Өскемен қаласындағы шағын және орта бизнеске жоғары кәсіби мамандар дайындайтын колледжге берілді.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу