Иван Евдокимович Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Лавровка ауылында туған. 1925 жылы мектепті бітіреді. 1929 жылдың қараша айынан бастап Солтүстік-Азия әскери округінің 8-ші жеке атты әскер бригадасының курсанты, ал 1931 жылдың қаңтар айында ол бөлімше командирі болды.
1931 жылы Иван Евдокимович Орынбор қаласының Ворошилов атындағы 3-ші әскери ұшқыштар мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітіргеннен кейін, 1932 жылы ол Киев әскери округінің 75-ші жеке авиациялық эскадрильяның атқыш-бомбалаушысы болып қабылданды, ал 1938 жылы 18-ші кіші авиамамандары мектебін аяқтағаннан кейін, 2-ші авиациялық эскадрильясының 11-ауыр авиаполкіне штурман болып қабылданды.
Ұлы Отан соғысы басталғанда И.Е. Соколов Новосібір қаласындағы Сібір Әскери округі 19-шы авиаполкінің эскадрилья штурманы болып қызмет еткен, 1941 жылдың қараша айында ол жаңадан құрылған 674-ші бомбалаушы авиациялық полкіне ауыстырылды. Полк 57-ші атқыштар артиллериясы құрамына кірді, ал 1942 жылдан бастап – 11 Армияның әскери-әуе күштері құрамына қарады. И.Е. Соколов полк құрамында жүріп Солтүстік-Батыс майданындағы Ярослав, Новгород областары мен Карелияда соғысты.
Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін И.Е. Соколов 211 жауынгерлік тапсырмамен ұшты, ал барлық әскери қызметі уақытында 1937 жылдан 1945 жылдар аралығындағы ұшулар саны 600-ден астам, яғни әуеде өткізілген 576 сағатқа сәйкес келеді.
Ол 1942 жылдың жазында жараланады, Омбы қаласындағы №2511 эвакогоспиталінде емделгеннен соң, Новосібір қаласындағы Сібір әскери округінің 20-шы авиаполкі штурманының көмекшісі болып қабылданады, ал 1944-1946 жылар аралығында – Харьков әскери округінің 193-ші авиаполкінің штурманы болады.
Соғыстан кейінгі жылдары ол Ақмола, Қарағанды, Семей қалалары аэропортының басшы қызметінде болады. 1964 жылы құрмет демалысына шығады.
Көп жылдық еңбегі мен сүйікті ісіне адалдығы үшін И. Е. Соколов "Аэрофлоттың үздігі" атағына ие болды. Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін «Отан соғысының I дәрежелі» орденімен, Қызыл Ту және Қызыл Жұлдыз орденімен, "Жауынгерлік еңбегі үшін" медалімен, "1941-1945жж Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс үшін" медалімен, көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталған.