Ұлы Отан соғысына қатысушылар
Чебардакова Анна Андреевна
(1919 - 2020)

Чебардакова Анна Андреевна 1942 жылы Семей қалалық Комсомол комитетінің жолдауы ойынша өз еркімен әскер қатарына келіп түседі. Қаламызда 76 қыз балалардан құрылған топ Түркменстанға аттанады. Чарджоу қаласында құрылған 34 Әуедегі бақылау әскерлері, хабарлаулар және байланыс ротасы құрылды. Осы аталмыш рота құрамында Анна Андреевна да бар еді. Анна Андреевна Сталинград, Курск шайқастарына, Украина мен Польшаны азат ету ұрыстарына қатысты. 1945 жылғы ақпан айында 34 байланыс ротасының қыздары 30 әуе бақылау посттарында Ялта конференциясы өтіп жатқан күндері Қырым түбегінің аспанын және үш ұлы державалар – КСРО, АҚШ және Ұлыбритания үкімет басшыларын қорғады. Чебардакова Анна Андреевна II дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен және көптеген естелік белгілерімен марапатталған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу