Ұлы Отан соғысына қатысушылар
Журавлев Иван Прокопьевич
(11-09-1926 - )

Иван ПрокопьевичЖуравлев, Ұлы Отан соғысының мүгедегі, еңбек ардагері

Иван Прокопьевич Журавлев 1926 жылы 11 қыркүйекте Белокаменка ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Ол бала кезінен еңбек етті. Иван 6-шы сыныпты бітіргеннен кейін колхозға жумыс істеуге барады. 1942 жылы Иван Прокопьевич армияға шақырылып кіші командирлер полксне жіберілді.Эстония мен Белорусияны босатқан, Польша жері үшін шайқасқан. 1945 жылы қаңтар айында Познань каласында шабул кезінде басынан қатты жарақат алған. Жеңісті госпитальде қарсы алды, одан тек 1945 жылдың соңында шығып, үйіне қайтарылады. Иван Прокопьевич еңбек жолын 1946 жылы өз колхозында қарапайым жұмысшы болып кейін ағаш ұстасы қызметін атқарды. Ол 42 жыл жұмыс істеп 1982 жылы құрметті демалысқа шықты. Қазіргі уақытта Шығыс Қазахстан облысы Глубокое ауданы Белокаменка ауылында тұрады. Үкіметтік наградалары бар: Отан соғысы ордені, "Германияны жеңгені үшін", "Ерен еңбегі үшін", А.К Жуков маршал медальдарымен.  

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу