Досанов Кайырбек 1922 жылы 1 қазанда Күршім ауданы, Шығыс Қазақстан облысында туған. 1930- 1938 жылдары Зайсан ауданы, Дайыр ауылында 7 жылдық білім алған. Бала кезінен бастап «Красное Знамя» колхозында еңбек жолын бастаған. 1942 жылы майданға аттанып, автокөлік жүргізушісі болып оқ- дәріні алдынғы шепке жеткізіп отырады. Соғыста бірнеше рет жараланып, соғыс біткеннен кейін де қираған қалаларды қалпына келтіру жұмыстарына қатысып, аман елге оралады. 2 дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 30,40,50,60,70 жылдық мерекелік медальдарымен марапатталған. Бейбіт күнде де 1954-1957 жылдары «Тың және тыңайған жерлерді игеруге қатысқан», «Тың жерді игергені үшін» медалімен марапатталған. Тұратын жері Зайсан қаласы НЕГІЗІ: ШҚО «Мемлекеттік архив» КММ Зайсан филиалы қор 250, т. 1.