Ұлы Отан соғысына қатысушылар
Ихиев Жүнісқали
(01-05-1925 - )

Ихиев Жүнісқали 1925 жылы 1 мамырда Құлбай жерінде Жәдік аулында дүниеге келеді. Әкесі-Ықи 1948 жылы қайтыс болады. Шешесі-Шәрипа 1942 жылы қайтыс болған. Олар жұмыскер адамдар болған. Жүнісқали Құлбай ауылының бастауыш мектебінің төрт сыныбын бітіріп, Сарыөлең орталау мектебінің жетінші сыныбына дейін 1943  жылдың 1 қаңтарында әскер қатарына шақырылады. Қиыр Шығыстағы Хабаровск погран отрятында байланысшы болады. 1945 жылы Жопонияда болған соғысқа қатысады. 1948 жылы әскер қатарынан оралады. Оның жауынгерлік жолын орденмен, медальдардан көруге болады: «Жапонияны жеңгені үшін» 1946ж., -  «Отан соғысы» IIдәрежелі ордені 1985 ж 1948-1949 жылдары Балықшы ауылындағы «Жаңа тұрмыс» кеңшарында бір жыл жұмысшы болып жұмыс істейді. Бір жылдан кейін аталған кеңшарда бригадирлік қызметін атқарады. 1950 жылы Алғабас кеңшарында Құлбай ауылында бригадир болып жұмыс істейді. 1951 жылы кеңшарларды біріктіріп, ірілендіру басталады. Осы жылы «Черкас» кеңшарын басқарады. 1953 жылы Семей қаласында бір жылдық «Ауылшаруашылық» техникумын оқиды. 1954 жылы оқуын бітіріп келіп қайта «Черкас» кеңшарын басқарады. 1957 жылы колхоздар совхозға ауысады. Аталған жылы «Күршім» кеңшарындағы Төртқалмақ фермасында 1960 жылға дейін меңгеруші болып жұмыс істейді.  1961 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір жарым жыл аудандық тұтынушылар қоғамына сауда жұмысына ауысады, артынан бір жыл көлемінде қойма басқарушы болып қызмет атқарады. 1964 жылы Горный совхозында рабкооп бастығы болады. 1965-1985 жылы ауданға бөлінгенен кейін Күршім ауданында рапкооп бастығы болады.  1985 жылы зейнеткерлікке шығады. 1985-1999 жылға дейін «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы болады. Ихиев Жүнісқалидің жұбайы Шәріп 49 жасында ауырып ерте дүние салған. Артынан 8 баласы қалған. Қазіргі уақытта жеті баласы бар. Балалардың алды зейнеткерлікте. Барлығы өздерімен бір-бір үй. Қария кенже қызы Жанар мен күйеу баласы Ерланның қолында тұрып жатыр. Олардан екі жиені бар.  

 

Негіздеме: Күршім ауданының мемлекеттік мұрағаты, қор 56, тізімдеме-6.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу