1927 жылдың 15 ақпанында дүниеге келген. Батыстағы соғыс аяқталған кезде, Әскерге шақыртылған. № 842804 әскери бөлімнің Тынық мұхиты теңіз ауыр бомбалаушылар әскерінде Жапонға карсы Шығыста қызмет етті.
Виктор Михайловичтің еске алуларынан: «1945 жылдың 9 мамырда кеңес әскері Қиыр шығыста әскери әрекеттерін бастады. Бөлімнің орналасқан «Суходол» шығанағы, екі жағынан теңізбен, келесі екі мжағынан шоқ еменмен қоршалған. Бомбалар ілінген арнайы техникалар ұшақ қанаттарына байланған ұшақтар бетон алаңға орналастырылады және бетоннын үстімен сырғытып суға түсіреді. Ұшақтың 4 моторы қосылады, қарсыластар обьектісіне дөп түсіру үшін ұшақ қатты гуілмен, суды бораздаумен, ауаға көтеріледі де өлтіретін жүкті тастайды. 9 тамыздан бастап біздің бомбалаушылар жау нысанына күні түнімен үздіксіз соққылады. Құрлық аэдромының басқа да жоюшылары болды. Жопандықтар территориясына десанттар түсірілді. «Суходол» шынағына су асты қайыктары кірді. Судан тек от шарықтары ғана көрінді. Негізгі позициясы ұстандық. Артиллерия канонадасы және пулеметтік кезектері сағаттап созылды. Менің жұмысым аса маңызды посты күзету болатын, онда ұзындығы 2 м және диаметрі 40 см көлемінде өте үлкен авиациондық бомбалар 2 м биіктікте қатар қатарымен орналасқан. Қараңғы түн. Тыныштықта адамдардың жүрген дыбыстары естілді, олар күзетілегн обьектіге қарай ақырындап жақындап келеді. Мен қараул сменін ауыстыруға келе жатқандар деп ойладым, бірақ олар оңтүстік жақтан келулері керек еді, ал ол адам жүрістері солтүстік жақтан шыққандай болды. Не істеу керек? Мылтығымды оқтап алып, «Тоқта! Кім келет?» деп айқайладым. Тыныштық. Ойыма диверсанттар түсті, (олар жақында майдан кезінде келген болатын). Егер қараңғыда оқ атсаң - караулды шақырасын, онда обьектіге жақындаған кезде атылып, өліп қалатын болды. Жан жағыма қарап, басқа жақтан келіп қалмасын деп, демімді ішіме тығып, тыңдасам – адам жүрістері солтүстік жаққа кеткен сияқты болды. 30-40 минуттан соң келесі ауысым келді. Мен мылтығымның оғын алып тастадым. «Патрон неге оқтықта тұр?», - деп сұрады командир. Мен жағдайды түсіндірдім. Караулға келіп, болған жағдайды караул басшысына айтып бердім. Ол бөлім штабына жеткізді, караул 3 әскерге күшейтілді және 1 сағат қосылды. Диверсант табылып зиянсыздандырылды. Егер ол бир снарядты тамызса, басқа снарядтардың тас талқаны шығып үлкен қопарылыс болушы еді, оның ішінде жеке құрам казармасы, ұшақтар, 500 м жерде орналасқан постардың барлығы ауаға күл болып ұшушы еді.»
Соғыс аяқталды. Виктор Михайлович Бедарев Лениногор қаласына оралды. Көптеген үкіметтік наградалармен марапатталды.
Тынық мұхиты флотында № 42804 әуе бөлімінде қызмет еткен. 1945 жылы милитаристік Жапониямен шайқастарға қатысты. Демобилизациядан кейін 1951 жылы Лениногор тау-кен байыту комбинатында еңбек етті.
Марапаттар:
- II дәрежелі Отан соғысы ордені
- "Жапонияны жеңгені үшін" медалі,