Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында біздің жерлесіміз, белгілі жазушы, ақын және аудармашы, Павел Николаевич Кузнецовтың құжаттары сақтауда бар.
Павел Николаевич 1909 жылы 9 тамызда Семей губерниясы Өскемен уезі Михайло-Архангельск болысының Солдатское ауылында дүниеге келді.
Павел Николаевич орыс халық оқырмандарды Жамбыл Жабаевпен танысты. Павел Николаевич Жамбылға деген махаббатын, сүйіспеншілігін «Джамбул внук Истыбая» («Человек находит счастье») атты романында жазып жеткізді. Ақын П.Н. Кузнецовтың аудармашылық дарындығын жоғары бағалайтын, бірақ одан жоғары оның оңай емес өмір жылдарында қам жегенін бағалайтын.
Соғыс П.Н. Кузнецовты Шығыс Қазақстанда «Восточное кольцо» жол құрылысында тапты. 1941 жылдың шілде айында майданға өз еркімен аттанды. 1941 жылдың 19 тамызында 316 атқыштар дивизиясы (генерал-майор И.В. Панфиловтың 8-ші гвардиялық Қызыл ту орден дивизиясы) майданға аттанады. Дөңгелек үстінде «За Родину» газетінің 12 нөмірі басылып шығарылды, оның редакторы П.Н. Кузнецов болды. Оның очерктерінің кейіпкерлері қарапайым соғыс «еңбекерлері» - жаяу жауынгерлер, медбикелер. Кейде оның өзі жазған жазбалардағы ерліктердің қатысушысы болған, бірақ ол туралы жобалғы үндемейтін. П.Н. Кузнецовтың ең үлкен сіңірген еңбегі ол, ұлттық ерекшеліктерді ескере отыра, газет солдаттармен өз туған тілдерінде сөйледі. Әскери жылдардың өлеңдері «Солдатская тетрадь» және «Путь-дорога» жинақтарында жарияланған.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 180қ. (жеке текті қоры)