1919 жылы Зайсан ауданы, Жарсу ауылында дүниеге келген. 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, Украинаның Львов маңындағы Қызыл тулы Ленин орденді Каменка-Гугская қаласындағы Котовский атындағы атты әскер дивизиясында азаматтық борышын өтейді. Алғырлығымен көзге түскен жауынгер кіші командирлер дайындайтын мектепке жіберіліп, бөлімше командирі болады.
1941 жылдың 22 маусымында таңғы сағат 4-30да соғыстың басталған алғашқы сағатынан шекара қорғауға неміс басқыншыларына қарсы, кейіннен Харьков, Сталинград майдандарындағы ұрыстарға қатысып, асқан ерлік көрсетеді.
Көрсеткен ерліктері үшін 2 мәрте «Қызыл Жұлдыз» орденімен, 2 дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған. Кәкетай Қымызбаевтың ерліктері туралы «Гродьянская правда» Белорусь газеттерінде қазақ елінің батыры туралы мақала, 1944 жылы «Суворов» газетінде «Қыр қыраны» деген толғаулары басылып жарияланған.
Кәкетай Қымызбаев 23 шілде 1944 жылы Неман өзені жағасындағы ұрыста ерлікпен қаза табады. Белорус жерінде Сапоцкино ауданында бауырластар қабіріне жерленген.
Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиалы, 250қ., 1 т., 117і., 117-а і.