1912 жылы Өскемен уезінің Ахмирово ауылында шаруа-жалшы отбасында дүниеге келді.
1943 жылдың ақпан айында Кеңес Әскеріне шақырылды. Андижандағы 6-айлық офицерлердідаярлау курсын бітіргеннен кейін, кіші лейтенант атағын алып майданға аттанды. Екінші Украина майданындағы 36 және 175 гвардиялық полктарының атқыштар взводының командиры болды. Бірақ денсаулық жайы бойынша 1944 жылы әрекеттегі әскердің қатарынан босатылып Ортаазия әскери округінің қарамағына ауыстырылады. 1946 жылы қайтарылады.
Бүкіл өмірін Қ.Қ.Жаманбаев мұғалімдік қызметіне арнап, ШҚО халық білімін қалыптастыруға көп күш жұмсады. Қазақ СРО Жоғарғы Кеңес Президиумының 1967 жылғы 15 тамыздағы жарлығы бойынша Қ.Қ.Жаманбаев «Қазақ СРО еңбегі сіңген мұғалімі» Құрмет атағы берілді.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 365 қ. (жеке текті қоры)