Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Бокажанов Кыдырбатша
(1921 - 1991)

1921 жылы Зайсан қаласында туған. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, 1-2 Украина майданында, 132- ші атқыштар полк ротасының командирдің орынбасары, 57- әскердің 303-ші атқыштар дивизиясы «Степной фронт» пулеметшілер ротасының командирі болып соғысқақатысқан. Боқажановтың естеліктерінен.
Украина жеріндегі Валуевка поселкесіндегі жайқын ұрыста көптеген ұлт өкілдері аралас ротада Ленинградтық Степанов, Украиндық Середа, Оалдан Малғаждар Жунусов, Қызыл-Ордадан Асан Абдрахмановтар қатысып ерлік үлгісін көрсеттік, естелігінде еске алған. «Біздің ротаға Днепр өзенінен өтү жолды фашистерден тазартып, немістер жағы өткізбей 1 жұма бойы атқылаудың астына алады. Кешке жақын полковник С.М.Бедин шақырып, аға лейтенант Сіз біздің рота бірінші болып Днепрден өтуі тиіс деді. Таңғы 5 тен карта бойынша өтуге қолайлы жерін тауып Днепр өзенінен дивизияныңөтуіне жол аштық. Ұйықтап жатқаннеміс офицерлерін қолға түсірдік. Осы жауынгерлік тапсырманы орындағаным үшін капитаншені беріліп, батальон командирлігіне тағайындалдым. Біздің батальон Днепропетровск қаласын азат еткені үшін «Александр Невский» орденімен марапатталдым. Украина, Австрия, Венгрия, Чехославакия қалаларыназат ету шайқастарына қатысқан. «Александр Невский», «Жауынгерлік Қызыл Ту орденімен», «Кенисберг қалаларын азат ету», «Германиядағы Жеңіс үшін» медальдармен марапатталған. 15.04.1991 жылы қайтыс болған.

Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиалы, 117қ., 8т., 1-12іі

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу