Ауанов Ильяс Ауанович 1921 жылы 16 қарашада Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы «Совет» колхозында колхозшы-шаруаның отбасында дүниеге келді. Әкесі Акшылаков Ауан 1932 жылы қайтыс болғаннан кейін шешесі – Жамал (Ильяс 11 жаста, Домежан 6 айда) балаларын өсіріп-жеткізудің қамын ойлап Искаков деген адамға тұрмысқа шығады. Өгей әке қыз баланы қабылдап, ұлды балалар үйіне жібереді. 1941 жылы Ильяс 10 класты тәмәмдайды.
1941 жылы 20 шілдеде Ауанов Ильяс Қызыл Әскер қатарына шақырылады.
1942 жылдың қаңтарында Акмолинск қаласына 3 айлық әскери артиллерия курсына жіберіледі. Курсты аяқтағаннан кейін 29 атқыш батарея 106 атқыш полктің 45 мм батарея нысанашысы Ильяс Ауанов басқа курсанттармен бірге 1942 жылы сәуірде Тула облысы Елец станциясына келді. 1942 жылдың қазанынан Орталық фронтта Сталинград маңындағы Орловск-Курск бағытындағы шайқастарға қатысты, желтоқсанда ауыр жараланады. 1943 жылдың наурызында Саратов госпиталінен алыстағы тылға Тәжік ССР Сталинабад (Душанбе) қаласына жіберіліп сол жылдың тамызына дейін емделуде болды.
Санкт-Петербург қаласындағы әскери-медициналық құжаттар мұрағатынан алынған анықтамадан: «Стрелок 106 СП Ауанов Ильяс лечился в ЭГ. № 4444 г. Душанбе (Сталинабад) с 24 мая 1943 г. по 9 июля 1943г., ранен 20 декабря 1942 г. в Сталинграде. «Сквозное осколочное ранение правой голени». Подлинник, история болезни № 1361 ЭГ. № 4444 и МСЧ ЭГ. № 10 города Саратова от декабря 1942г. по май 1943г.».
Ауанов Ильяс емделген уақытта оның дивизиясы таратылған болатын.
1943 жылы тамызда Ауанов Ильяс байланысшылар тобымен Иранға Шахи қаласына 8-ші байланыс ротасына линиялық қадағалаушы болып жолданады. Бұл рота 1943 жылдың 28 қарашасынан 1 желтоқсан бойы Тегеран конференциясының қатысушыларына – Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде (1939–1945 ж.ж.) антигитлерлік бірлестіктің үш ірі мемлекеттер (КСРО, ҚША, Ұлыбритания) басшыларына қызмет атқарады. Тегеран конференциясы аяқталғаннан кейін рота Түркмен ССР Ашхабад, Байрам қалаларына аударылады, 1945 жылдың ақпанынан 1946 жылдың тамызы бойы – Өзбек ССР Ташкент қаласында орналасады.
Әскерден қайтқаннан кейін Ауанов Ильяс Қарқаралы ауданына оралады. 1947 жылдың басында Алыс Шығысқа, отбасына, кетеді. 1947 жылғы 5 наурызда Приморский өлкесі Ворошилов халық сотына хатшы болып жұмысқа қабылданады, 25 наурыздан – халыққа білім беру Ворошилов аулдық аудан бөлімінде аға инспектор жұмысын атқарады. 1949 жылғы қарашада Ильяс Ауановты Приморский өлкесі Ворошилов аудандық Кеңес Одағының Коммунистік партия комитеті Ильяс Ауановты Кеңес Одағының Коммунистік партия мүшелігіне қабылдайды. 1950 жылдың желтоқсанынан қалалық әлеуметтік қамту бөлімінің меңгерушісі лауазымына ауыстырылды. Қарындасы Домежанға Алма-Атадағы шетел тілдер институтында оқуына көмектеседі.
1951 жылы Ауанов Ильяс Ауанович ата-анасымен бірге Шығыс-Қазақстан облысы Лениногорск қаласына келіп өзінің еңбек жолын жалғастырады:
05.06.1951– 01.03.1952 ж.ж. – Лениногор қалалық еңбекші депутаттар Кеңесі атқарушы комитетінің кадрлар секторының меңгерушісі;
01.03.1952–13.07.1953 ж.ж. – қалалық әлеуметтік қамту бөлімінің меңгерушісі;
13.07.1953–17.04.1959 ж.ж. – Қазақстан Коммунистік партия Лениногорск қалалық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы.
1956 жылы Ауанов Ильяс Ауанович Шығыс Қазақстан облыстық Коммунистік партия комитетінің жолдауымен Ақмола қаласына тың жерлерді игеруге, дала бригадаларын ұйымдастыруға уәкіл болып келеді. 1957 жылы 7 мамырда «За освоение целинных земель» медалімен марапатталды.
1958 жылы Ильяс Ауанович жұмысшы жастардың орта ауысымды №1 мектептің толық курсын тәмәмдап орта білім туралы аттестатын алады.
1959 жылдың 17 сәуірінен бастап 1981 жылдың 17 қарашаға дейін «Лениногорсксвинецстрой» трестінде «Тэцстрой» құрылыс телімінің (участогінің) кадрлар бастығының көмекшісі, партком хатшысының орынбасары, Лениногорск өндірістік кәсіпорындар комбинатының директор орынбасары, құрысшылар кәсіподағы комитетінің төраға орынбасары, төрағасы болып жұмыс атқарады.
Өскемен құрылыс техникумында сырттай оқып, оны 1971 жылы «Өнеркәсіп және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітіріп шықты, «техник-құрылысшы» квалификациясы берілді.
Ауанов Ильяс Ауанович 1953 жылы 28 қарашада Кузембаева Динам Абдразаковнаға үйленеді (Лениногорск қаласы 4-ші участоктің халық судьясы, сот жүйесінің ардагері, еңбек ардагері, ерекше қадірлі зейнеткер, Риддер қаласының құрметті азаматы). 1957 жылы 4 желтоқсанда ұлы Ерсұлтан дүниеге келді.
Лениногорск қалалық партия комитетінің мүшесі бола тұрып Ильяс Ауанов қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысты, 1960, 1963, 1967, 1969, 1971, 1975, 1980, 1983 жылдарда жергілікті Кеңеске депутат болып сайланды. Өзінің еңбегімен және адалдығымен ол қала тұрғындарының құрметіне ие болды.
1981 жылы Ильяс Ауанович зейнетке шықты, бірақта ол өзінің қоғамдық және еңбек жолын жалғастырды. 1981 жылдың 17 қарашадан бастап 1989 жылдың 3 мамырына дейін Лениногорск өндірістік кәсіпорындар комбинатында өндірістік оқытудың, «Лениногорсксвинецстрой» трестте оқу пунктінің шебері болып жұмыс істеді. 1992 жылғы 16 қаңтардағы дәрігерлік-еңбек сараптау комиссияның шешімі бойынша Ауанов Ильяс қайта куәландырусыз II (екінші) топтағы мүгедектілікке шығарылды.
2010 жылы Ауанов Ильяс Ауанович басқада Ұлы Отан соғысының ардагерлері – Сталинград шайқасының қатысушыларымен бірге 6-10 мамырда Астана қаласында өткен Отан қорғаушылар күніне, Ұлы Отан соғысында Жеңістің 65- жылдығына арналған мерекелік шараларға және жиналысқа шақырылды.
Ұлы Отан соғысына (1941-1945 ж.ж.) қатысушы ретінде мемлекеттік марапаттармен: II-і дәрежелі «Отан соғысы» орденімен (14 наурыз 1985 ж.), КСРО-ның Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен (14 қаңтар 1997 ж.), мерекелік медальдарымен, «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 25 жыл» (1952г.), «Ветеран войны 1941-1945гг.» (2000 ж.) белгілерімен марапатталды.
Еңбегі, қоғамдық жұмысы үшін мемлекеттік марапаттармен: «За освоение целинных земель», «За трудовое отличие», «За доблестный труд», «Ветеран труда», «Тыңға 50 жыл» медальдарымен; «За доблестный труд», «10 жыл Астана» мерекелік медальдарымен; «Победитель социалистического соревнования 1973г.», «Отличник гражданской обороны СССР», «Активист ДСО профсоюзов» белгілерімен; Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен, мәдениет жұмыскерлері кәсіподағының Орталық комитет төрағасы Б. Ржановтың Құрмет грамотасымен (1952 ж.), алғыс хаттармен марапатталды.
Ауанов Ильяс Ауановичке орталық және жергілікті атқару органдардан, республикалық, облыстық, қалалық қоғамдық ұйымдардан көптеген алғыс хаттар, құттықтаулар тапсырылған.
Ауанов Ильяс Ауановичтің 60 жылдық мерейтойына орай Лениногорск қалалық халық депутаттар Кеңесі атқару комитетінің төрағасы А. Омаровтың және Лениногорск қалалық Компартия комитетінің хатшысы Л. Захарченконың алғыс хатынан: «...Сіз қайда жұмыс істесеңіз де, сізді еңбек сүйгіштігіңіз, тапсырылған жұмысты шығармашылықпен, адалдықпен орындау, өзіңізден де, басқалардан да тәртіптілікті, жауапкершілікті талап ету ерекшелейді.
Жауапкершілікті жұмыскер және қалалық Кеңестің депутаты ретінде Сіз Лениногорск қаласының тұрғын үй, мектептер, бала-бақшалар және басқа да мәдени-тұрмыстық объектілерінің құрылысына Сіз аз еңбек сіңірген жоқсыз...».
Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаттың Риддер филиалы, 53 қ., 1 т., 221 і., 1-3 б.