Олардың есімдерімен аталды...

Бесқарағай ауданы

Елистратов Сергей Алексеевич

Батырдың есімі Бесқарағай ауылындағы көшеге берілген. Кеңес Одағының Батыры, сержант, 65-ші армияның 69-шы атқыштар дивизиясының 20-шы жеке барлау бөлімшесінің командирі. Орталық майданда соғысып, Днепрді басып өтуге қатысты. Ленин орденімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.

Корнев Иван Ильич

Бесқарағай ауданының Бесқарағай және Жетіжар ауылдарындағы көшелер батырдың есімімен аталады. Кеңес Одағының Батыры, 3-ші Белорус майданының 39-шы армиясының 124-ші атқыштар дивизиясының 781-ші атқыштар полкінің атқышы. Ленин, ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

Вернуться к списку "Их именами названы..." по районам