Олардың есімдерімен аталды...

Абай ауданы

Байғожина Баян

Батырдың аты: - Семей қ. көше - Абай ауданы Қарауыл ауылындағы бөбекжай. Ұлы Отан соғысына қатысушы, мерген. Қызыл Жұлдыз, II дәрежелі Отан соғысы, III дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған. Беларусь, Польша, Германия аумағында соғысқан.

Бекбосынов Серікқазы

Батырдың аты: - Шемонаиха қ. көше; - Абай ауданы Қарауыл ауылындағы көше; - Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентіндегі Жоғарғы Тайынты ауылындағы көшелер; - Абай ауданы Архат ауылындағы мектеп. Кеңес Одағының Батыры, 7-ші армияның 99-шы атқыштар дивизиясының 300-ші атқыштар полкінің атқышы. Карел майданында соғысқан, Венгрия, Австрия, Чехословакияны азат етуге қатысқан. Қызыл Жұлдыз марапатталған.

Молдағалиев Жанғазы Әкімұлы

Батырдың аты: - Семей қ. көше; - Абай ауданы Тоқтамыс ауылындағы мектеп. Кеңес Одағының Батыры, лейтенант, 39-шы атқыштар дивизиясының 120-шы атқыштар полкінің атқыштар ротасының командирі. Днепрден өту кезінде көзге түсті. Ленин орденімен, "Алтын Жұлдыз" медалімен марапатталған.

Вернуться к списку "Их именами названы..." по районам