Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма ауданының Никольское ауылында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1943 жылдан бастап болған. Сталинград түбінде алғашқы рет соғысқа кірді. Я.С. Котельников өзінің жауынгерлік жолын 73-ші гвардиялық Сталинград атқыштар дивизиясының 209-шы Абганеров атқыштар полкі артиллериялық батареясының 45-мм зеңбірегінің командирі ретінде жүріп өтті. 1943 жылғы күзде Днепрден өту кезінде ерекше көзге түсті.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 26 – қазандағы Жарлығымен Я.С. Котельниковке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Армия қатарынан босағаннан кейін Алматы қаласында тұрып, еңбек етті.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 26і; 809қ., 1т., 186і.