Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1922 жылы Шығыс Қазақстаноблысы Таврия ауданының Ақтөбе ауы-лында дүниеге келген.
Майдан шебінде 1944 жылдың қаңтар айынан бастап болған. 569-шабуылдау авиаполкінің звено командирі, лейтенант Борозенец жаудың шоғырланған әскерлерін, темір-жол магистральдарын бомбалау және шабуылдау үшін 94 жауынгерлік ұшуларды жүзеге асырған.
Ленин, Қызыл Ту, I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 18-тамыздағы Жарлығымен С.Н.Борозенецке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 8і.; 809қ., 1т., 174і.
Борозенец Степан Николаевич қазіргі уақытта Чикаго қаласында тұрады (АҚШ). АҚШ-тың бірнеше қаласында Ұлы Отан соғысы қатысушыларының ардагерлер орыс ұйымдары құрылып жұмыс атқарып жатыр. Чикаго қаласында 1941-1945 жылдардағы Ұлы отан соғысының қатысушылары, партизандар, Леннинград қорғаушылары мен концлагерлердің тұтқындары тіркелген ірі ұйымдарының бірі орналасқан.