Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Медведев Михаил Михайлович
(1923 - 1977)

1923 жылы Куйбышев облысы Бор ауданнының Коноваловка аулында дүниеге келген.
Майданда 1942 жылдың шілде айынан бастап болған. 89-ші гвардиялық жеке саперлер батальонының сапері, гвардия ефрейторы Медведев 1943 жылғы қырқүйек айында бір топ жауынгерлермен Днепропетровск облысының Домоткань ауылы тұсында Днепр өзенінен ойдағыдай өткен.
Ленин, Қызыл Ту, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 26 – қазандағы Жарлығымен М.М. Медведевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Армия қатарынан босағаннан кейін Семей қаласында тұрып, еңбек етті.

Шығыс Қазақстан облысының қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы, 501қ., 1т., 106-107, 110 і.і.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу