Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1907 жылы Калинин облысы Пенов ауданының Наумово ауылында дүниеге келген. 1917 жылы Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Бородулиха ауылына көшіп келеді. Майданда 1941 жылдың шілде айынан бастап болған. 438-ші танкіге қарсы жойғыш артполктің командирі, подполковник Новиков 1944 жылдың ақпанында көзге түсті, онда Черкассы облысы Журжинцы ауылының маңында гитлершілердің бірнеше атакаларына тойтарыс берген әскери іс-қимыл ұйымдастырған болатын. Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, І дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24-наурыздағы Жарлығымен В.К.Новиковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.